Мұражай – Семей полиграфиясының 150 жылдық мерейтойына орай 2000 жылдың 22 қыркүйегінде ашылған. 1854 жылдың 1 қазанында Семей облысы дүниеге келді. Осы кезден бастап Семейде құрылыс орындары қарыштап дами бастады.
Музей экспозициясының бірінші бөлімінде Семейдің ХІХ және ХХ ғасырдағы ғимараттары мен көшелері туралы мәліметтер орналасқан. Экспозицияда сол кездегі ХІХ ғасырдағы әріп теру столы, шрифтер, штамптар, баспа және шрифтердің әртүрлі өнімдері мен өнімдерінің үлгілері қойылған.
«Публикация по Семипалатинской области» тұңғыш мерзімді басылымы 1869 жылдың 3 қаңтарында жарық көрген. 1871 – 1919 жылдар аралығында «Семипалатинские областные ведомости» басылымы тұрақты шығып тұрды.
Бірінші басылымдардың көшірмесі және олардың барлық жылдардағы баспаханада шығуымен мұражайдың «Периодика» (Мерзімді баспасөз) бөлімінде танысуға болады.
Полиграфия жабдықтарының ішінде қызықтыратындары – сирек кезедесетін қондырғы – қолмен қағаз кесетін машина, тигелдьді баспа станогы. 300 жылдық мерзімде ешбір өзгеріске ұшырамаған линотип – механикалық жол құю машинасы қолмен әріп терушілердің қиын жұмысын жеңілдететін компьютер дәуіріне дейін газеттерді жеделдетіп шығаруға өз үлесін қосып келді.
Кез келген кәсіпорынның даңқын арттырып, мақтанышына айналатын кәсіби қызметкерлер. Полиграфистерге арналған тақта баспахана ардагерлерінің өмір тарихымен таныстырумен қатар, өз ісіне дарындылығы мен сүйіспеншілік қасиеттерін сипаттайды.
«Семей Полиграфия» ашық акционерлік қоғамының полиграфия өнімдерінің көптеген түрлері мен мүмкіндіктері де келесі тақтада көрсетілген.
«ХХІ ғасыр» экспозиция тақтасы – қазіргі қол жеткен әлемдік полиграфия және жаңа полиграфия технологиясы мен материалдарының үлгілері мен өнімдері туралы сыр шертеді .