Қаладағы тұңғыш техникалық музейдің негізі 1989 жылы 30 мамырда қаланған. Музей 1999 жылдың 17 мамырында Семей қалалық атқару комитетінің шешімімен тарихи ескерткіштер архитектурасын сақтаудың мемлекеттік қарамағына берілді. Музейдің мақсаты – Қазақстан Республикасында байланыс саласының тарихы мен дамуын көрсету. Музей өлкетанушы, еңбек ардагері В.И.Лушниковтың бастамасымен құрылған.
Музей экспонаттары мынадай бөлімдерден тұрады: өлкетану, почта байланысы, телеграф байланысы, телевидения және радио байланысы. Мұндағы Ұлы Отан соғысы кезінде алынған американдық жабдықтар ХІХ-ХХ ғасыр аралығында жұмыс істеген. Экспозицияның бірінші бөлімінде қаланың тарихынан мәліметтер беріледі. 1865 жылы император Александр ІІ-нің жарлығымен салынған қала бекінісі, тұңғыш құрылыстары жайлы мағлұматтар алуға болады. Байланыс бөлімі – бай құжаттармен, суреттермен таң қалдырады.
Телеграф бөлімі- ХІХ ғасырдағы атақты Морзе телеграф аппаратымен таныстырады. Бірінші рет Семей қаласына 1872 жылы келді. Радио байланыс және телевидение бөлімінде – Семейдегі бірінші радио студиясы мен аппараттары туралы суреттермен танысуға болады.
Телевидение экспозициясынан сирек кездесетін экспонаттың бірі – төрт есе үлкейтіп көрсететін 1949 жылғы линзалы телевизорды тамашалауға болады. Сонымен қатар байланыс саласының майталман еңбек ардагерлері туралы фотосуреттер мен құжаттары сақталған. Байланыс музейі өз өлкесін сүюге тәрбиелей алатын үлгілі орын. Мұнда жал сайын мектеп, колледж оқушыларымен, қала азаматтарымен экскурсия өткізіледі. Музей тарихымен Ресей, Германия және Швейцария қонақтары да таныс. Музей қаланың саяси өміріне белсенді араласады.
Музей связи(читать)
This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website